jasqazaq.kz

Елорда күнін тойлау басталды

05 шiлде 2019, 12:51

Елордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтіп жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Нұр-Сұлтан орталығында көтерілген мемлекеттік ту Елорда күнін атап өту шараларының басталғанын білдіреді.

«Егемен еліміздің бейбіт аспанында желбіреген көк туымыз – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. «Туған жерге туыңды тік» деген даналықтың мән-мағынасы осында. Себебі біз қасиетті топырағын қадір тұтатын, туын әрқашан биік ұстайтын елміз. Елорда күні қарсаңында салтанатты ту көтеру рәсімі өздерің сияқты ел қорғаны болатын азаматтардың алдында өтіп жатыр», — деді Тоқаев өз сөзінде.

Президенттің айтуынша, бұл аға ұрпақтың жастарға зор үміт артатынын көрсетеді. Осы орайда Тоқаев Елбасының бас қаланы салудағы еңбегін атап өтті.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төл туындысы — елордамыз халқымыздың жарқын болашаққа деген ұмтылысын айқындайды. Бас қаламыз — «бір ел, бір халық» болып жұмылған еліміздің жүрегі. Ел астанасы бүгінде халықаралық жиындар өтетін аса маңызды геосаяси орталыққа айналды. ЮНЕСКО ұйымы елордамызды «бейбітшілік қаласы» деп атады. Ел астанасының қазіргі даму қарқыны айрықша. Бұл — ең алдымен Елбасымыздың теңдессіз еңбегі, дана халқымыздың ынтымақ бірлігінің арқасы. Біз қаланың беделін одан әрі арттыра береміз», — деді Тоқаев.

Сонымен қатар шара барысында мемлекет басшысы еліміздегі әскери жоғарғы оқу орындарын бітірген курсанттарға әскери шендер мен атақтарды тапсырды.

«Бүгін — сіздер үшін өте маңызды, ешқашан ұмтылмайтын күн. Барлығыңызға офицер шені беріледі. Әскери оқу орындарында алған білімдеріңізді отанымыздың тәуелсіздігін сақтауға жұмсайтын кез келді. Нағыз сардар елдің мықты қорғаны болуы тиіс», — деді ол.

Үш күн тойланатын мереке барысында шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени іс-шаралар өтеді.

Сонымен қатар шара барысында мемлекет басшысы еліміздегі әскери жоғары оқу орындарын бітірген курсанттарға әскери шендер мен атақтар тапсырды.

3 күн тойланатын мереке барысында шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени іс-шаралар өтеді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда