jasqazaq.kz

Елорда іргесінде ер адам ұлымен төбелескен баланы қан-жоса етіп соққыға жыққан

31 мамыр 2022, 15:48

Елорда маңындағы Қосшы қаласында ер адам 9 жастағы баланы аяусыз соққыға жығып, басын асфальтқа ұрғылаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде пайда болған хабарламадан белгілі болғандай, 9 жастағы екі бала ауладағы балалар алаңғайында жанжалдасып қалады. Оны көрген балалардың бірінің әкесі екінші баланың жанына жетіп келіп, бас салып ұрып-соға бастаған.

«Ашуға булыққан 40 жастағы ер адам балаға жұдырық ала жүгірді. Ол аз дегендей, желкелей ұстап, баланың басын асфальтқа ұрғылады. Баланың көгермеген жері жоқ, соққыдан тістері түсіп, жағынан қан кетті, көзінің алдында үлкен ісік пайда болды. Ал оны соққыға жыққан әлгі адам сол күйі қамауға алынған жоқ», — делінген жазбада.

Жазба авторы кішкентай баланы қатыгездікпен ұрып-соққан ер адамның заң жүзінде барынша қатаң жазаға тартылып, зардап шеккен баланың емін толық төлеп беруін талап етеді.

«Өркениетті қоғамда балаға қол көтеретін мұндай адамдардың еркін жүруіне жоқ бермеу керек. Егер ол бүгін жазасыз қалар болса, ертең өзгелерді өлтірмесіне кім кепіл?», — деп автор Ішкі істер министрлігінен шұғыл шара қабылдауды сұрайды.

Желі қолданушылары бұл сұмдық жайтқа қатысты пікір білдіріп, кінәліні қатаң жауапқа тартуды талап етіп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Типичная Астана (@astana_typical)

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр