jasqazaq.kz

Елорда базарларында ұрланған мал еті сатылып келген

16 қазан 2020, 11:04

14-15 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық шарасы өтті. Бұл туралы елордаполиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Жедел-профилактикалық шара барысында мал ұрлауға қатысы бар адамдар анықталды.

Елордаға кіреберістегі бекеттерде мал немесе ет өнімдерін тасымалдайтын барлық көліктің сертификаты, ветеринарлық құжаты, анықтамаларының бар-жоғы тексерілді.

Жүргізілген шара аясында полицейлер қаладағы сауда орындарына ет өнімдерін жеткізушілердің тиісті құжаттарын да тексерді. Күйгенжар, Маралды, Оқжетпес, Өркен, Тобыл бекеттерінде және «Әлем» сауда үйінде 14 заң бұзу фактісі анықталды.

Ветеринарлық талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 406-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, елорданың шетіндегі ауылдарды аралау кезінде 5 мал жаю ережесін бұзу фактісі анықталды. Жайылып жүрген төрт түлік малдың иелері анықталып, олар ҚР ӘҚБтК 408-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, олармен елорда аумағында жайылым талаптарын сақтау бойынша профилактикалық сипаттағы әңгіме өткізілді.

Мысалы, «Күйгенжар» кентінің маңында жылқылар үйірі иесіз қалған және жол бойында қараусыз жайылып жүрген. Осылайша олар көлік қозғалысына қауіп төндіреді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде