jasqazaq.kz

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ТЖД қызметкерлерінің жұмысын атап өтті

04 сәуiр 2022, 13:04

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында өткен дауылды күндері ТЖД қызметкерлерінің атқарған жұмысын ерекше атап өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің жұмысы батылдылық, жанқиярлылық, жылдам шешім қабылдау, тәуекелге бел буу және ерлік ұғымымен астасып жатыр! Жақында қарлы боран күндері олар 200 адамды құтқарды, олардың 52-сі – балалар. Ал былтыр жылдам әрекет етуінің арқасында 400-ден астам адамды құтқарып қалған болатын.

ТЖД қызметкерлерінің жанкешті еңбегі мен жұмысын атап өттік! Өз тарапымыздан қажет қолдау көрсету және жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау үшін тиісті шаралар қабылдаймыз: автопаркке 60-тан астам арнайы техника берілді, Байқоңыр ауданында өрт сөндіру депосы салынды, сондай-ақ тағы үш өрт сөндіру депосын саламыз, олардың екеуі елді мекендерде орналасатын болады.

Тұрғын үй мәселесіне жеке назар аударамыз: Қазақстандық тұрғын үй компаниясы (ҚИК) желісі бойынша тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар санатын кеңейттік және ТЖД қызметкерлері үшін жеке санаты бар жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық, тұрғын үй сертификаттарының сомасын ұлғайттық және т.б. Бұл шаралар әлеуметтік тұрғын үйге үміткер ретінде қатыса алатын құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің санын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Құтқарушыларға және өрт сөндірушілерге жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдіреміз! Оларға мықты денсаулық және амандық тілеймін!» — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық