jasqazaq.kz

Елімізге Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

11 қараша 2021, 10:22

Бүгін ДДCҰ мақұлдаған Covid-19 вирусына қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайында Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия мәлімет таратты.

Бұрын қол қойылған келісім шеңберінде Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 млн дозасы сатып алынды.

Comirnaty-американдық Pfizer компаниясы мен германияның BioNTech технологиялық компаниясы шығарған РНҚ-ға негізделген матрицалық вакцинаның (мРНҚ) сауда атауы. Вакцинация курсы 21-28 күн аралығымен енгізілетін екі дозадан тұрады.

Жеткізілген дозалар ҚР халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл — Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина.

Бірыңғай дистрибьютор келіп түскен вакцинаны ҚР ДСМ СЭБК-нің разнарядкасына сәйкес, жедел тәртіппен еліміздің өңірлеріне жеткізеді.

Алдағы күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болады.

Вакцинаны сақтау нұсқаулығын нақты ұстану және жағымсыз салдардың балдырмау үшін вакцинаны жеткізуге және қолдануға дайындық шаралары жүргізілді.

Өндіруші ұсынған суық тізбекке қойылатын талаптарға сәйкес ультра төмен температура -60 -90 С режимінде сақтауға арналған мұздатқыш жабдықтар сатып алынды.

Сондай-ақ, вакцинаны енгізу үшін қажетті шприцтер қоры сатып алынды.

Вакцинацияның тиісті қызметкерлері вакцинамен дұрыс жұмыс істеуге және оны қолдануға үйретілді.

Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасы ДДҰ-ға шұғыл қолдануға рұқсат етілген, вакцина АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕО-да қолданылады.

Клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оның тиімділігі 95 пайызды құрайды. Бұл — АҚШ-та жедел қолдануға рұқсат етілген (төтенше пайдалану авторизациясы, EUA) аясында қолданыла бастаған алғашқы вакцина.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан аумағында халықты вакцинация үшін мынадай вакциналар қолданылды: «QazVac», «Спутник V», «Hayat-Vax», «Соронавак», «Sinopharm».

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде