jasqazaq.kz

Елімізге Қытайдан кейбір жемістерді алып келу уақытша тоқтатылды

05 наурыз 2020, 14:38

2 наурыздан бастап Қытайдан сүйекті, шекілдеуікті және цитрусты дақылдарды алып келуге уақытша тыйым салды. Бұл туралы ҚазАқпарат АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аталған тыйымды енгізуге Қытайдан Қазақстан аумағына кіргізілетін өнімдерде «карантиндік объектілердің» жүйелі түрде анықталуы негіз болған. «Фитосанитарлық шаралар жөніндегі Халықаралық стандарттың ережелеріне сәйкес ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті ҚХР-ның Бас кеден басқармасының атына карантинге жатқызылған өнімді алып келу кезінде халықаралық және бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылуы туралы нотификация жолдады. ҚХР карантиндік қызметі ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті жолдаған ресми хабарламаны қарастырып, әрекет ету шараларын күшейтуді ұсынды. Атап айтқанда, Қытай тарапы жүйелі сипатта орын алған бұзушылықтар жекелеген жеміс-жидек бақшаларының карантиндік объектілерге қарсы алдын алу шараларын жүргізбеулеріне байланысты екенін анықтады», — делінген хабарламада. Айта кетсек, 2019 жылы Қазақстан аумағына Қытайдан карантинге жатқызылған өнімді алып кіруде 52 бұзушылық анықталды, оның ішінде 7 карантиндік организмдер, 22 фитосанитариялық сертификатсыз өнімді кіргізу жағдайы, 13 карантинге жатқызылған өнімнің орамасында маркировканың болмауы, 3 фитосанитариялық талаптардың бұзылуы, 4 фитосанитариялық сертификаттың сәйкессіздігі және 3 карантинге жатқызылған өнімнің тексеруге ұсынбау жағдайы. Барлық көрсетілген жағдайда карантинге жатқызылған өнімді (12 мың тауар бірлігі) кері қайтару жүзеге асырылды. Сонымен қатар, 2 млн теңгеге 27 айыппұл салынды.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі