
24-25 қазанында еліміздің үшінші мегаполисінде қазақ тілді БАҚ ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында семинар өтеді.
Басты спикерлер ретінде Шымкент қаласы бойынша ақпараттық-технологиялық орталығының Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының маманы Ерқұлан Бармағанбетов пен жүйелік-техникалық қызмет көрсету басқармасының бас инженері Маржан Сәбден болады.
Шара Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында жастардың, мемлекеттік қызметкерлер мен коммерциялық ұйым өкілдерінің қатысуымен өтеді.
Семинардың бірінші күнінде қатысушылар электронды үкімет пен электронды мемлекеттік қызметтің цифрлық мүмкіндіктерімен танысады. Екінші күннің оқу бөліміне блокчейн технологиясы туралы ақпарат кіреді. Тыңдаушыларға үлестіру тізілімінің технологиясы немесе дерекқордың жекелену теориясын меңгерумен қатар, спикерлердің практикалық тапсырмаларын орындау мүмкіндігі беріледі.
Шараны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры ұйымдастырады.