jasqazaq.kz

Еліміздің үш өңірінде су тасқыны қаупі сейілмей тұр

04 сәуiр 2019, 12:24

Еліміздің үш өңірінде су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлім айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақмола облысы бойынша Целиноград, Астрахан, Атбасар, Сандықтау және Аршалы аудандарындағы су тасу қаупін бақылауда ұстап отырмыз. Атбасар қаласында Жабай өзені үстіндегі көпірде таңертеңгі сағат 8-де су деңгейі тәулік ішінде 90 см-ге көтерілді және көпір белгісіне дейін 3,5 метрді құрайды. Қауіпті деңгейге дейін әлі 1 метр бар. Бұл қар еру процесінің жалғасып жатқандығын білдіреді. Атбасар қаласына 15 техника және 5 жүзу құралымен жабдықталған 50 маманнан құралған арнайы топ жіберілді», — деді В.Беккер. Сонымен қатар, комитет басшысы Нұр-Сұлтан қаласын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған Вячеслав су қоймасында 93 пайыз су жиналғанын және қазіргі уақытта суды секундына 300 текше метрден астам көлемде Есіл өзеніне транзиттік режимде ағызу жүргізіліп жатқанын айтты. «Жалпы республика бойынша ахуал тұрақы әрі күрделі. Қар еру процесі жүріп жатыр. Күн сайын қар көлемі де азая түсуде. Дегенмен, су тасқыны орын алуы мүмкін өңірлер де бар және оларды бақылап отырмыз. Атап айтқанда, Қостанай облысында Ақжайық, Қызылжар және Мағжан Жұмабаев аудандарында, Батыс Қазақстан облысында Тасқала, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласында, Шығыс Қазақстан облысында Қатонқарағай, Алтай, Шаманайха, Глубокое, Бесқарағай аудандарында су тасу қаупі жоғары», — деді ол. В.Беккердің атап өтуінше, осы аптада су тасу қауіпі өте жоғары болмақ. Себебі алдағы уақытта жоғарыда аталған өңірлердің барлығында жауын-шашын болатындығы күтіледі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда