jasqazaq.kz

Еліміздің туы бейнеленген дәретхана жабдықтары сатылуда

24 маусым 2020, 21:52

Шетелдік Amazon сайтында Қазақстан Республикасының туы бейнеленген дәретхана жабдықтары сатылымға шыққан.

Сатылымға шыққан кілемшелердің бағасы 28,94 евро (13173 теңге).

Кілемшеден бөлек сайтта тудың суреті бейнеленген сөмке, бетперде, шұлық, қысқа шалбарлар және өзгеде дүниелер сатылады.

ҚР Қылмыстық Кодексiнің 372-бабы, яғни Мемлекеттік рәміздерді қорлау туралы заңда:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау – екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады» делінген.

Алайда шетелдік сайттағы бұл тауарларға қатысты қандайда бір шара қолданылатыны я қолданылмайтыны белгісіз.

qamshy.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі