jasqazaq.kz

Еліміздің сыртқы қарызы азайды

07 қантар 2019, 13:48

Елдің сыртқы қарызы 8,6% азайды, деп хабарлайды Хабар 24. Агенттіктің хабарлауынша, Қазақстанның сыртқы қарызы өткен жылдың қазан айындағы есебі бойынша, 8,6% азайып, 161,5 млрд долларға дейін төмендеген.

Сыртқы борыштың 63,7% бұрынғысынша фирмааралық берешек құраса, 25,7% байланысты емес кредиторлар алдындағы қарыз, 7,1% мемлекеттік сыртқы борыш, ал, 3,5%-і «Банк» секторының сыртқы міндеттемелері болып отыр. Өткен жылдың 3 тоқсанында экономиканың барлық секторлары есебінен елдің сыртқы берешегі 3 млрд АҚШ долларына қысқарды. Ал мемлекеттік сыртқы борыш негізінде Ұлттық банктің қысқамерзімді ноталарын өтеу және оларға шетел инвесторларының сұранысының азаюы есебінен шамамен 453 млн АҚШ долларына қысқарған. Ал фирмааралық берешек мұнай-газ секторындағы ірі компаниялардың шетелдік ұйымдардың еншілес кәсіпорындарынан несиені өтеу нәтижесінде 823,7 млн АҚШ долларына төмендеді.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер