jasqazaq.kz

Еліміздің шығысында неке қию азайып барады

06 мамыр 2019, 11:49

Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда неке қию көрсеткіші әжептәуір азайған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Облыстық статистика департаментінің дерегі бойынша, соңғы бес жыл ішінде облыста қиылған некелер саны кеміген. 2013 жылы 13,1 мың неке қиылса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 9,1 мыңға дейін азайған. «Бұл фактіге «демографиялық толқынның» құлдырауы әсерін тигізуде. Яғни, 1980-інші жылдары дүниеге келгендерді 90-ыншы жылдары дүниеге келген жас буын «неке рыногында» алмастырды» — делінген департамент жариялаған ақпаратта. 2018 жылы некеге алғаш рет отырған ер адамдардың орташа жасы — 28,1, әйелдерде — 25,8 жасты құрады. Жыл ішінде 1236 аралас неке тіркеліпті. Бұл әрбір сегізінші жұп деген сөз. «Шығыс Қазақстанда қазақтардың өзге ұлт өкілдерімен некелесу көрсеткіші ең төмен, 6%-ды құрады. Бұл көрсеткіш орыстарда — 16%, татарларда — 88%, немістерде — 92%. Яғни, халықтың жалпы санында қандай да бір ұлт үлесінің кемуі аталған ұлт арасында ұлтаралық некелер санының артуына әкеліп соғады. Бес жыл бұрын қазақтар бекіткен неке одағының үлесі 60%-ды, орыс ұлтының өкілдері — 34%-ды, немістер — 1,5%-ды құраса, 2018 жылы тиісінше 62%, 33% және 1,6%-ға тең. Бұл дерек облыстың ұлттық құрамы құрылымының өзгеруімен сипатталады» — дейлінден статискалық деректе. Статисткаға сенсек, облыс бойынша 2 жұпқа 1 ажырасудан келеді. Былтырдың ішінде 4,6 мың ажырасу тіркелген. Бұл 2013 жылға қарағанда 1,6%-ға аз. Ерлер арасындағы ең жоғарғы ажырасу үлесі 30 — 34 жасты құраса, әйелдерге — 25 — 29 және 30 — 34 жас аралығына дөп келген.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық