jasqazaq.kz

Еліміздің оңтүстігінде үсік жүруі мүмкін

07 сәуiр 2018, 15:57

Қазақстанның оңтүстігінде үсік жүреді деп күтілуде, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап. Синоптиктер дауылды ескерту жариялады.

«8 сәуірде түнде Қызылорда облысында, 10 сәуірде түнде Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 2 градус үсік жүруі ықтимал. Ықтималдық 90-95 пайыз», — делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін метеорологтар 7-8 сәуірде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасының жоғарылауы және жауын-шашын болжамына байланысты қардың еруі, жергілікті ағынның қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуіне және судың өзен жайылмасына шығуына (су басуға) байланысты ескерту жариялаған болатын. Сонымен қатар, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, жергілікті және баурайлы ағынның қалыптасуы, су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аудандарды су басуы күтілетінін ескертті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде