jasqazaq.kz

Еліміздің оңтүстігінде дизель отыны қымбаттады

24 шiлде 2018, 12:36

Түркістан облысында дизель отыны қымбат бағада сатылуда. Бұған дейін 176-178 теңгеден сатылған жанар-жағармайдың құны қазір 180-183 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баға әсіресе кішігірім жанар-жағармай бекеттерінде шарықтап тұр. Өңірдегі «Жанар-жағар май қауымдастығының» төрағасы Қайыпбек Қамбаровтың айтуына қарағанда, бағаның күрт өсуіне егін науқанындағы сұраныстың артуы себеп болған. Сондай-ақ бекеттерге бөлінетін дизель отынының көлемі де азайып отыр. Мәселен, аймақта жаздағы ауыл шаруашылығы жұмыстарына 24 мың 700 тонна дизель отыны бөлінген болса, әлі де сұйық отынға деген сұраныс жоғары болуда. Қосымша Ауыл шаруашылығы министрілгінің арнайы бағдарламасымен бөлінуі тиіс 13 мың тонна дизель отыны айдың соңына қарай жеткізіледі деп жоспарланған. «Дизель отыны 4-5 теңгеге қымбаттаған. Себебі, қажеттілікті қамтамасыз ететін 10-12 мың тонна жетпей тұр. Енді жеткізіліп жатыр. Соңғы 4-5 күнде жетіп қалуы тиіс. Баға негізінен шағын бекеттерде қымбаттаған. Ал, ірі жанармай құю бекеттерінде баға сол күйінде тұр»,- дейді облыстық «Жанар-жағармай қауымдастығының» төрағасы Қайыпбек Қамбаров. Сондықтан жергілікті шаруалар әлі де көтерілген бағамен алуға мәжбүр. Өйткені ауылдық жерлерде ірі компаниялардың бекеттері жоқтың қасы.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді