jasqazaq.kz

Еліміздің қай өңірінде нан қымбат?

19 қазан 2021, 20:59

Елімізде ең қымбат нан Нұр-Сұлтанда сатылады. Елордамызда жыл басынан бері ас атасының құны 12 пайызға өскен. Нан қымбаттаған аймақтардың алғашқы үштігінде астықтың өңірлер саналатын — Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары тұр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Бұл өңірлерде баға 9 пайызға дейін көтеріліпті.

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, Шымкент қаласы, Ақтөбе мен Маңғыстау облысында баға айтарлықтай өспеген. Алайда Қазақстандабір жыл ішінде нанның орташа құны 6 пайызға шарықтағаны есімізде. Жекелей алғанда қара нан 9, ақ нан 7 және бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан 5 пайызға қымбаттаған.

Бағаның қаншалықты әсері бар екені белігісіз, десе де сарапшылар қазақстандықтар өткен жылмен салыстырғанда нанды аз тұтынғанын айтады. Сонымен қатар елімізде наубайханадағы өндіріс көлемі де азайыпты. Соңғы сегіз айда 352,9 мың тонна нан пісірілген. Бұл былтырғы көрсеткіштен 17 пайызға кем.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр