jasqazaq.kz

Еліміздің бүкіл өңірінде референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды

05 маусым 2022, 21:07

Астана уақытымен сағат 21.00-де еліміздің барлық өңіріндегі референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін еліміздің 12 өңіріндегі 8 089 және шет мемлекеттердегі Қазақстан елшіліктері жанынан ашылған 12 референдум учаскесінде жұмыс аяқталып, комиссия мүшелері дауыс санауға кіріскен болатын. Ал дәл қазір сағат 21-00-де Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы 1 858 учаскеде өңір тұрғындары дауыс беріп болды. Сонымен қатар шет елдердегі 5 учаске де жұмысын тоқтатты. Оның барлығында комиссия мүшелері дауыс санауға кірісті. Қазіргі уақытта шет елдердегі 48 учаскеде ғана дауыс беру жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 7 936 655 адам дауыс берді. Бұл дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың 67,65 пайызын құрайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде