jasqazaq.kz

Еліміздің бірқатар өңірінде жарық сөнді

06 қантар 2021, 12:52


Қазақстанның оңтүстігінде электр энергиясының өшуі Өзбекстанның энергия жүйесіндегі ақауларға байланысты болды.

«KEGOC« АҚ мәліметінше, 5 қаңтар шамамен сағат 17:41-де Орталық Азияның Біріккен энергия жүйесі (БЭЖ) тарапынан (шамамен 800 МВт) қуаттың күрт артуынан Қазақстанның Біртұтас электр энергетика жүйесінің (БЭЖ) Солтүстік-Оңтүстік транзитінің қатарлас жұмысының тұрақтылығы бұзылған. Осыған байланысты жабдықтар зақымданбас үшін автоматика іске қосылып, Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ-тық үш әуе желісі және 220 кВ-тық бір әуе желісі ажыратылды. Салдарынан Қазақстан БЭЖ-і мен Орталық Азия БЭЖ-нің Оңтүстік аймағы жиілігі 48,31 Гц-ке дейін төмендеп, оқшауланған жұмысқа бөлінді. Жедел деректерге сәйкес Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды және Түркістан облыстары бойынша шектеу көлемі 959 МВт құрады. «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің жедел жұмысының арқасында 17:51-де Қарағанды облысы бойынша шектеулерді алып тастауға команда берілді, 17:58-де Оңтүстік аймақ Қазақстан БЭЖ-мен синхрондалып, Қазақстан энергия жүйесінің тұтастығы қалпына келді. Сағат 18.15-те барлық шектеулерді алып тастауға команда берілді. Бұл жайтқа өзбек энергетикалық жүйесі себеп болып отыр, онда Талимарджан ГРЭС-інде 450 МВт екі бу-газ қондырғысы ажыратылған, сонымен қатар бірқатар өзге де электр станцияларында генерация төмендеген.

 ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия