jasqazaq.kz

Еліміздің бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

24 қантар 2020, 16:55

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, биылғы жылдың 25 қаңтарында Түркістан облысының кей жерлерінде күннің екінші жартысында қатты жауын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.

Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 м/с болады. Шымкент қаласында 25 қаңтарда күннің екінші жартысында жауын-шашын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан қаласында 25 қаңтарда тәуліктің белгілі бір аралығында көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райына байланысты болжамның дәлдігі 90-95%.

25 қаңтарда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетсе, екпіні 23 м/с болады.

Орал қаласында 25 қаңтарда тұман, күндіз бұрқасын, көктайғақ болып, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

25 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Көкшетауда 25 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95 %.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия