jasqazaq.kz

Еліміздің алты өңірінде ескерту жарияланды

28 сәуiр 2020, 19:28

29 сәуірде Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматы облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, батыстан қатты жел соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қаласында да 29 сәуірде түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының түнде басым бөлігінде жаңбыр, облыстың солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

Кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. 29-30 сәуірде түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел 25 м/с дейін жылдамдықпен соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 жетуі ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық