jasqazaq.kz

Еліміздің 6 аймағында азық-түлік бағасы өскен

03 қазан 2018, 12:20

Биыл еліміздің 6 аймағында азық-түлік бағасы біршама өскен. Мәселен, Маңғыстау облысында баға республикалық деңгейден асып түсіп, инфляция 4,1 пайызға жетті. Жергілікті билік мұны аймаққа азық-түліктің 85 пайызы сырттан тасымалданып жатқандығымен түсіндіреді. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлады.

Азық-түлік тауарлары өңірге 15 жақын және алыс шетелдерден, сондай-ақ Қазақстанның 12 облысынан келіп түседі. Арнайы сараптама нәтижесі көрсеткендей, бізде өзге өңірлерге қарағанда сәбіз бен картоп бағасы жоғары екен. Сәбіздің бір келісі 146 теңге, ал картоп 131 теңге тұрады. Қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қымбаттауына жол бермеу үшін облыста кешенді жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл сауда орындары және базар басшыларымен «әлеуметтік тағам бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу туралы» 227 меморандумға қол қойылған. Яғни кәсіпкерлер азық-түлік бағасын нарық бағасынан асырмауға уәде еткен. Сондай-ақ жыл басынан бері облыс орталығында, аудан мен қалаларда 461 азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді. Онда азық-түлік нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен бағамен сатылды. Жәрмеңкеге көтерме саудамен айналысушылар мен жергілікті тауар өндірушілер қатысты. Маңғыстауда көп болмаса да нан, макарон, сүт өнімдері мен жұмыртқа және көкөніс пен бақша өнімдері өндіріледі. Ал қалғаны шеттен келеді. Азық-түлік бағасының шектен тыс қымбаттауына жол бермеу үшін аймақта тұрақтандыру қоры құрылған. Облыста сондай-ақ азық-түлік бағасының көтерілуіне қарсы жедел-әрекет ететін арнайы штаб құрылған. Штаб отырысы ай сайын өткізіліп тұрады. Азық-түлік бағасы аймақ басшыларының ұдайы бақылауында екен. Апта сайын барлық базарларға, сауда орталықтарына тексеріс жүргізіледі. Айта кетейін, Ақтауда 2 гипермаркет, 65 супермаркет, 481 шағын дүкен, 29 базар жұмыс істейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде