Қазгидромет Нұр-Сұлтан қаласы мен екі облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 3 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. Сондай-ақ, Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман болып, батыстан соққан желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді Нұр-Сұлтан қаласында 2 наурызда таңертең және күндіз тұман сақталады. 2 наурызда Қостанай облысыныңкей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде оның жылдамдығы 18 м/с жетеді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.