jasqazaq.kz

Еліміздің 3 облысында жол жабылды

08 наурыз 2018, 13:14

Ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің 3 өңірінде автожолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК-не сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (жел, көктайғақ, жолдың нашар көрінуі) «Астана-Қарағанды» бағытына барлық көлік түрлеріне шектеу қойылған. Павлодар облысында жолдардың жабылуына байланысты «Қызылорда-Павлодар» а/ж участігінде (1135- 1205 км) көліктің барлық түрлерінің жүруіне тыйым салынған. Ауа райының бұзылуына орай (көру мүмкіндігінің шектеулігі) Қарағанды облысындағы «Жезқазған-Петропавл» автожолының 65-252 шақырым аралығына (Жезді кенті-Қостанай облысы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды 6 наурыз сағат 23.00-ден бастап Ақмола облысында автожолдардың жабылуына байланысты «Алматы-Петропавл» күре жолының 65-252 км шақырым аралығы (Жезді кенті-Қостанай облысының шекарасы) барлық көліктер үшін жабылды. Оның үстіне «Алматы — Екатеринбург» (641-1007 км, Қарағанды — Балқаш қалалары) жолдары уақытша жабылды. Ақмола облысында да ауа райының нашарлауына байланысты (қар, қатты көктайғақ, 15-25 м/с екпіндегі жел, көру мүмкіндігінің шектеулігі) көліктің барлық түріне «Екатеринбург-Алматы» (Астанадан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі 1275-1353 км аумақ) тас жолы жабық.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде