jasqazaq.kz

Еліміздің 15 өңірінде ауа райы бұзылады

17 қыркүйек 2020, 12:34

Республиканың он бес өңірінде дабылды ескерту жарияланды, кей жерлерде бұршақ түсіп, шаңды дауыл тұрады.
17 қыркүйекте Қазақстанның барлық дерлік өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейіп, кейбір облыстарда шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қазгидрометтің мәліметінше, 17 қыркүйекте республиканың 15 өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

Нұр-Сұлтан қаласында желдің екпіні секундына 15-20, 23 метрге дейін жетеді.

Ақмола облысында жаңбыр, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге дейін барады деп күтілуде.

Ақтөбе облысында да қатты жел тұрады – екпіні секундына 15-20, 18 метр.

Алматы облысында – найзағай, шаңды дауыл, 15-20 м/с жел.

Атырау облысында да желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, дауыл соғады, желдің екпіні 23-28 м/с дейін барады.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы қашан басталады

Жамбыл облысында да жел күшейеді – екпіні 23-28,30 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғады деп болжануда.

Қарағанды облысында қатты жаңбыр жауады, желдің екпіні кей жерлерде 23-28, 30 м/с болады.

Қостанай облысында тұман түседі, 15-20, 23 м/с жел соғады.

Қызылорда облысында найзағай жарқылдайды, шаңды дауыл тұрады, желдің екпіні секундына 15-20, 23 метрге дейін барады. Күндіз өрт қаупі өте жоғары болады.

Маңғыстау облысында – шаңды дауыл, 15-20 м/с жел.

Павлодар облысында найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ түседі деп болжанып отыр. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ жауады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23-28 метр.

Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, 15-20, 25 м/с жел соғады.

sn.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде