jasqazaq.kz

Елімізден көлік алғысы келетін ресейліктер көбейген (Видео)

17 наурыз 2022, 21:23

Елімізден көлік алғысы келетін ресейліктер көбейді. Автокөлік алып-сатарларының есебінше соңғы бірнеше айда бізден көлік сатып алғысы келетіндердің саны 10 есеге артқан. Оған себеп көрші Ресейде машина жасау зауыттары жұмысын тоқтатуы дейді. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабаралады.

Әрі рубльдің құнсыздануы темір тұлпардың құнын шарықтатып жіберген. Ал, Қазақстанда құрастырылатын машиналардың бағасы әзірше сол қалпында. Ең арзаны 5 млн 700 мың теңге. Ресейліктердің де көз тігіп отырғаны осы арзан бағадағы отандық көліктер.

Евгений БИБЕР, АВТОКӨЛІК САЛОНЫНЫҢ САТУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

Ресей азаматтары бұған дейін де бізден көлік сатып алатын. Бірақ ол кезде лукс санатындағы қымбат көліктерді таңдайтын. Ал соңғы кезде ең арзан деген маркаларды көбірек таңдап жатыр. Бұл қарқынмен кете беретін болса, еліміздің автокөлік құрастыратын зауыттары бағаны бұлай арзан күйінде ұстап тұра алмауы мүмкін. Себебі автобөлшектер бізге де шетелден әкелінеді. Бағасы күн сайын көтеріліп барады.

Әзірге ресейліктер онлайн да, офлайн да тапсырыс беріп жатқан көрінеді. Егер олар жаппай сатып алуды бастайтын болса, кезекте тұрған отандастарымыз көлік алуды әлі де ұзақ күтуі мүмкін-дейді сатушылар.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр