jasqazaq.kz

Еліміздегі сайлау жаңа технология бойынша өтеді

01 қараша 2018, 15:43

Еліміздегі сайлау науқандары кезінде жаңа технологияларды қолдану мәселесі Астанада саяси шара стандарттарын жетілдіру және қоғам сенімін арттыру жөнінде өткен жиында көтерілді. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлады.

Басқосуға әлемнің 17 мемлекетіндегі сайлау комиссияларының өкілдері қатысып, жаңашылдықтарды жан-жақты талқылады. Қазақстандық мамандар шетелдік әріптестерімен пікір алмасып, тәжірибелерін толықтырды. Сондай-ақ дауыс берушілер тізімінің өзектілік үлгісін таныстырды. Бұл жобаны орталық сайлау комиссиясы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырды. Сөйтіп дауыс берушілер реестріне 11,5 миллион қазақстандықты қосып үлгерді. Бұған қоса, сайлауды электронды түрде жүргізу жүйесін қайта қолдану мүмкіндігін қарастыруға кірісті.

Сәбина Мұстафина, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

– Электронды жүйе елімізде бұған дейін қолданылған болатын. Бірақ оған біздің қоғам дайын болмады. Сондықтан бас тартқанбыз. Ал қазір жақын көршілеріміз Қырғызстан мен Ресейде ол жүйе қолданылады. Дегенмен науқанға барлық дауыс берушілердің қатысу мүмкіндігі жоқ. Біз осындай олқылықтарды ескеріп, жүйені енгізу мәселесін қарастырып жатырмыз.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді