jasqazaq.kz

Еліміздегі ең «ақылды» қалалар анықталды

22 қантар 2020, 12:48

Қазақстанда «ақылды» өңірлердің рейтингі жасалды. Бұл туралы  ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Зерттеуге 14 облыс орталығы мен республикалық маңызы бар 3 қала қатысты. Бағалау 11 түрлі бағыт пен 80 көрсеткіштен тұратын «Ақылды қалалар» эталондық стандарты негізінде жүргізілді. Олар денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, экология, әлеуметтік және т.б. салаларды цифрландыру бастамаларына қатысты.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспановтың айтуынша, рейтинг өңірлерді «цифрлық» белсенділікті арттыруға ынталандыру үшін қажет.

Атап айтқанда, рейтингті құру кезінде әкімдіктердің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруы, тұрғын үйлерге «ақылды» есептеуіш құралдарының орнатылуы, тіркелген стартаптардың саны, зияткерлік көлік жүйесінің енгізілуі, қоғамдық көліктің бағыт-бағдарын мониторингтеу және т.б. арналған қосымшалардың қолжетімділігі назарға алынды.

Вице-министрдің атап өтуінше, бұл рейтинг өңірлердің «цифрлық» белсенділігін арттыруға бағытталған.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы екі жыл бұрын қабылданып, өңірлерде бірқатар жоба жүзеге асырылды. Әрине, олардың кейбірі тиімді болса, кейбірінің нәтижесі төмен болды. Цифрландыру саласындағы жалпы жағдайды көрсету үшін біз осы рейтингті әзірледік. Бұл сондай — ақ өңірлердің «цифрлық» дамуын ынталандыру үшін қажет», — деп атап өтті А.Оспанов.

Рейтингте бірінші орынға Нұр-Сұлтан қаласы ие болса, екінші орынды Алматы, үшінші орынды Орал қаласы иеленді. Рейтинг жыл сайын құрылады. 2019 жылғы рейтингтің нәтижесімен https://egov.kz/cms/ru/smart-cities сілтемесі арқылы таныса аласыздар.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия