jasqazaq.kz

Еліміздегі бірқатар өңірлерде сабақ болмайды

05 ақпан 2019, 10:16

Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздегі бірқатар өңірлерде сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысының мектептерінде бүгін сабақ болмайды. «5 ақпанда Ақмола облысында минус 28-33 қатты аяз. 0-11 сынып аралығында сабақ болмайды», — делінген ТЖК таратқан хабарламада. Сондай-ақ, облыс орталығы Көкшетау қаласында бүгін 0-11 сынып оқушылары оқымайды. Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аудандарында да бүгінгі сабақ өткізілмейтін болды. Облыстық Білім басқармасының ақпараты бойынша, 5 ақпанда Семей қаласында ( ауа темперетурасы -27, жел 2 м/с) 1 ауысымдағы 1-9 сынып аралығында сабақ болмайды. Риддер қаласы (-28) 1 ауысымдағы 1-9 сынып аралығында сабақ болмайды. Шемонаиха ауданында (-31) 1 ауысымдағы 1-4 сыныптың оқушылары оқымайды. Бесқарағай ауданында (-33) 1 ауысымдағы 1-11 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ өткізілмейді. Қостанайда бүгін температура 28-30 градус аяз, желдің жылдамдығы 15 м/с, кейде екпіні 18м/с жетуі ықтимал. Сондықтан Қостанай қаласында бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптар арасында сабақ болмайды. Павлодар облыстық білім басқармасының хабарлауынша, өңірде 5 ақпанда 1 ауысымдағы 1-11 сыныптарда сабақтар өткізілмейді. Өңірде температура минус 33 градус, желдің жылдамдығы 4 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында 0-11 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ болмайды. Өңірде минус 30 градус аяз. Еске сала кетсек, синоптиктер 5-7 ақпанда күн күрт суытып кей өңірлерде 45°С аяз болады деп болжаған.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді