jasqazaq.kz

Еліміздегі базарларда арам өлген малдың еті сатылып жүр (видео)

30 қантар 2020, 16:46

Елімізде арам өлен малдың еті сатылымда. Сауда орындарында арзан бағаға ұсынған арам өлген малдың етін алып сататындар аз емес.

Бұл туралы «Біздің назарда» бағдарламасында айтылды.

Әдетте, бауыздалмаған малдың еті арам саналады. Батасын оқып, қос күре тамырды қимай сойылған малды жеу ислам дінінде арамға жатады. Біз сатып алып жеп жүрген базардағы малдың еті қаншалықты адал?

Жасырын камерамен жүрген журналистер ет сатушыларға арам өлген малдың етін ұсынып көрді.

Арзан бағаға алатындар аз болған жоқ. Келісін 500 теңгеден бастап, 1500 теңгеге дейін бағалағандар бар.

«Суреті де жоқ па? Алдымен түрін көруіміз керек. Егер жақсы болса, 1500 теңгеден аламыз. Түрін көрмей жатып ала алмаймыз», — деді ет сатушылар.

Өткен жылы қараша айында Атырау өаласындағы қасапханалардың бірінде жылқыны аяусыз ұрып өлтірген қасапшылар туралы бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кеткен еді. Оларға қатысты сот отырысы өтіп, ақыр соңында мал соятын ол орын жабылды.

Ет таңдағанда абай болыңыздар. Алдымен еттің адалдығы туралы анықтама талап ету керек. Сосын саудагердің құжаттарын тексеру артықтық етпейді. Ауру -астан деген сөз бар. Ал, егер арам ет жеп жүрсек, оның обалы кімге?

stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия