jasqazaq.kz

Еліміздегі 57 колледжде 133 мамандық бойынша лицензиялар жойылды

02 қараша 2022, 13:36

Жыл басынан бері 57 қазақстандық колледж 133 мамандық пен 164 біліктілік бойынша лицензияларға қосымшаларды қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оқытуы сапа стандарттарына сәйкес келмейтін, кадрлар даярлауға жағдай жасалмаған немесе нарықта сұранысқа ие емес мамандықтар бойынша лицензиялардың күші жойылған.

Көптеген колледж білім беру ұйымының бейініне сәйкес келмейтін мамандықтар бойынша лицензияларды қайтарды. Мысалы, педагогикалық колледжде заңгерлерді, ал экономикалық колледжде мұғалімдерді даярлауға лицензияның қосымшасы болған. Сондай-ақ кейбір колледждер қажетті оқу құралдарынсыз мамандар дайындап келген.

«Оқу-ағарту министрлігі колледждердің профилі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Кадрларды даярлау үшін жағдайлар жоқ бейінді емес мамандықтардың лицензияларын қайтару ТжКБ ұйымдарына «сұранысқа ие» және бейінді мамандықтарға назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру үшін қажет. Білім алуға қажетті жағдай жасалмаған, құрал-жабдықтар, шеберханалар, мұғалімдер мен оқытушылар жоқ колледждерде мамандықтарды қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді Оқу-ағарту министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура