jasqazaq.kz

Еліміздегі 35 жол учаскесінде қозғалыс шектелді

07 ақпан 2020, 12:02

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бес өңірінде жол қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «Хабар 24». Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы облыстарындағы 11 учаске жабық тұр. Оның жалпы ұзындығы 1237 шақырымды құрайды. Бұл – республикалық автожолдардың шамамен 5 проценті. Бұған қоса, аймақтық маңызы бар 24 жол аралығында қозғалыс уақытша тоқтатылды. Қазір жолдарды қалпына келтіру үшін 740 техника жұмыс жасап жатыр. «ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерге жол ережесін бұзбау, жылдамдықты асырмау және қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігін ескертеді. Сонымен қатар төтенше жағдайлар қызметінің хабарламаларына бей-жай қарамауға кеңес береді.

Нұржан Жақатаев, республикалық жедел штабтың бас маманы:

– Төтенше жағдайлар комитетінде және Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазастан облыстары ТЖД жедел штаб жұмысын жалғастыруда. Шұғыл желі жұмыс істейді. Біздің берген ұсынысымызды орындауды және елді мекеннен тыс жерлерге шықпауларыңызды сұраймыз. Егер шұғыл көмек қажет болған жағдайда 112 телефонына немесе 53-72-39, 53-32-84 телефондарына хабарласуға болады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия