jasqazaq.kz

Елімізде жыл басынан бері нан, дәрі-дәрмек, автокөлік бағасы қымбаттады

15 ақпан 2022, 17:21

2022 жылғы қаңтарда айлық инфляция 8,5%-ға жетті. Азық-түлік және азық-түлік емес инфляция 2021 жылғы желтоқсан деңгейінде сақталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ұлттық банктің мәліметінше, ақылы қызметтер инфляциясының өсуіне тұрғын үйді жалдау құнының неғұрлым жоғары өсуі әсер еткен.

«2022 жылғы қаңтарда тұтыну бағалары 0,7%- ға өсті, жылдық мәнде бағаның өсуі 8,5%-ға дейін жеделдеді. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі өткен жылғы желтоқсан деңгейінде сақталып, 9,9%-ды құрады. 2022 жылдың қаңтарында нан өнімдері, жарма, жемістер мен көкөністер тобында бағаның өсуі байқалды», — делінген хабарламада.

Бұған қоса, жыл басынан бері автомобильдер бағасы да өскен. Сонымен қатар, 2022 жылдың қаңтарында импорттық бағаның өсуіне байланысты дәрі-дәрмектердің қымбаттауы байқалды.

«2022 жылдың қаңтарында бензин, дизель отыны, сұйытылған газ бағасы төмендеді, бұл осы тауарлар бағасының жылдық өсу қарқынының баяулауына ықпал етті, осылайша азық-түлік емес тауарлардың барлық тобы бағасының жылдық өсуін шектеді. Ақылы қызметтердің жылдық инфляциясы 2022 жылғы қаңтарда 6,8%-ға дейін жеделдетуді көрсетті.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу бағасы жоғары сұраныстың арқасында өсуін жалғастырды. 2022 жылдың қаңтарында амбулаториялық қызметтердің қымбаттауы байқалды. 2022 жылғы қаңтарда реттелетін коммуналдық қызметтер Батыс Қазақстан облысында электр энергиясының қымбаттауы аясында аздап қымбаттады. Реттелетін қызметтердің қалған түрлерінің бағасы 2022 жылғы қаңтарда өзгерген жоқ»,- делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде