jasqazaq.kz

Елімізде жолдар жабылды

12 ақпан 2021, 9:50

Қолайсыз ауа райына байланысты елдің бірнеше өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

12 ақпан сағат 00:00-де Алматы облысында қолайсыз ауа райына (тұман, көктайғақ) байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 2300-2380 шақырымындағы Қаншенгел Құрты ауылдарының арасындағы жол бөлігінде («СПИК Аккорд»АҚ қайта құру учаскесінде) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Сондай-ақ 12 ақпан 00:30-да Батыс Қазақстан облысында ауа райының күрделенуіне (жаңбыр, көктайғақ, тұман) байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 195-246 шақырымында Ресей шекарасы мен Орал қаласы аралығындағы жол бөлігінде барлық көлік түрі үшін жол жабылды.

Сонымен қатар бүгін сағат 00:30-да Алматы облысында қолайсыз ауа райына (жаңбыр, кей жерлерде көктайғақ, жолдың көрінбеуі) байланысты «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 25-320 шақырымында Арман — Алтынкөл жол бөлігінде («ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы автокөлік жолдары дирекциясына қарайтын участок) барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

12 ақпан сағат 06:30-да Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына (жаңбыр, көктайғақ) байланысты «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы шекарасы» автожолының 11-92 шақырымында Ақтөбе -Қандыағаш қалаларының аралығындағы жол бөлігі («СПИК Аккорд»АҚ қайта құру учаскесінде) барлық көлік түрі үшін жол жабылды.

Сондай-ақ 12 ақпан сағат 06:30-да Ақтөбе облысында қолайсыз ауа райына (жаңбыр, көктайғақ) байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 773-836 шақырымы, Белогорка — Хромтау арасындағы жол бөлігінде барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

12 ақпан сағат 01:00-де Алматы облысында қолайсыз ауа райына (тұман, жолдың көрінбеуі) байланысты «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 24-243 шақырымында Арман –Шонжы арасындағы жол бөлігінде барлық көлік түрі үшін жол жабылды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық