jasqazaq.kz

Елімізде жеті автожолға ақылы жүйе енгізіледі

01 қараша 2021, 16:47

ҚР Үкіметінің №1055 қаулысымен бекітілген «Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы» жүзеге асырылуда. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ұлттық операторының жетік талдауының негізінде ақылы автомобиль жолдарының 7 жаңа учаскесін пайдалануға беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақылы автомобиль жолдары: Нұр-Сұлтан – Павлодар, Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентке), Щучинск-Көкшетау, Қапшағай – Талдықорған, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Шымкент – Қызылорда. Аталған учаскелер ақы алу жүйесінің барлық қажетті жабдықтарымен жабдықталған.

7 жаңа ақылы учаскені пайдалануға енгізу туралы бұйрық жобаларына қол қойылды және Әділет министрлігінде тіркелуде. Бірінші техникалық санаттағы учаскелердегі ақылы жүйені 2021 жылғы 15 қарашадан бастап енгізу жоспарланып отыр. Бұл ретте аталмыш учаскелер осы жылдың 1 қазанынан бастап тестілік пайдалануға берілген болатын», — делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақы алудың «ашық» жүйесін енгізу туралы шешім қабылдады. Осындай жолдармен жүруге ақы төлеу үшін автокөліктің мемлекеттік нөміріне шотты толтырудың 20-дан астам нұсқасы қарастырылған: QAJ mobile (мобильді қосымша), Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank және т.б.

Айта кетейік, 2013 жылдан бастап I санаттағы ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы өзгерген жоқ (Нұр-Сұлтан – Щучинск бірінші ақылы учаскесі енгізілген сәттен бастап) және ол өзгеріссіз сол күйінде қалады.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр