
Қазақстанда жас отбасылардың 15 пайызы бедеулікке шалдыққан. Неліктен қазіргі заманда ер адамдар бала сүю мүмкіндігінен айырылады? Статистика бойынша, әрбір алтыншы ерлі-зайыпты бала көтеруде қиындықтарды бастан өткереді.
Күрделі демографиялық жағдайды реттеу — Қазақстанның заманауи мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым міндеттерінің бірі. «Қазақстан-2030» стратегиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қауіпсіздіктің басым бағыттарының қатарына күшті демографиялық саясатты енгізу қажеттігін баса айтты.
Қазіргі демографиялық жағдайға ықпал етіп отырған жағымсыз проблемалардың бірі — бұл жас отбасылардағы бедеулік мәселесі. Еуропалық урологтар қауымдастығы деректеріне сай, Қазақстанда отбасылық жұптардың 25 пайызы ерлі-зайыптылық өмірдің бірінші жылында бала көтермейді. Олардың 15 пайызы бедеулікке қарсы емделсе, ал 5 пайызы баласыз қалады. Әрбір алтыншы жұп бала көтеруде қиындықтарға тап болады.
Бедеулікке жұптардың біреуінің немесе ерлі-зайыптылардың екеуінің де репродуктивтік қызметінің бұзылуы себеп болуы мүмкін. Бұрын баласыздық мәселесіне әйелдердің бедеулігі себеп деп есептеліп келсе, бүгінде мамандардың пікірінше, осындай жағдайлардың 45 пайызын еркектердің бедеулік факторы құрап отыр. Баласыз жүрген жұптардың тең жартысына жуығы ер адамдардың ұрықтылығының бұзылуынан сәби сүйе алмай отыр. Соңғы жылдары әлемде ер адамдардың репродуктивтік денсаулығы айтарлықтай нашарлап барады. Олардың себептері: экологияның нашарлығы, қозғалыссыз ұзақ уақыт отыру, үнемі шаршағандық сезімі, кеш неке құру, ретсіз жыныстық қатынас, өз бетінше емделу. Ал, ерлердің бедеулігінің себептері көп. Олардың бірі эректильді дисфунцкия (белсіздік).
Әйелдердің репродуктивтік денсаулығы алаңдаушылық тудырып отыр. Өкінішке орай, бүгінде бедеу әйелдер мен ер адамдардың саны шамамен бірдей.
Мынадай сұрақ туындайды: Не істеу керек? Дәрігерлерге қаралған жағдайда, олардың көмегі қаншалықты тиімді? Бұл мәселені шешу үшін кешенді әрекет, яғни, урологтар, андрологтар, репродуктологтар мен гинекологтар тәрізді мамандардың бірлесіп жұмыс істеуі маңызды. Бұл – қазақстандық мамандардың пікірі. Бедеулік мәселесі көптеген елдерде өзекті. Әлемде онымен қалай күрес жүріп жатыр? Азаматтардың репродуктивтік денсаулығымен айналысатын медицина саласындағы осы және өзге сұрақтар 2018 жылдың 2-қарашасындаҒылыми урология орталығының академик Б.О.Жарбосыновты еске алуға арналған «Репродуктивтік денсаулықтың өзекті аспектілер» тақырырында өтетін бірінші пәнаралық форумында талқыланады.
Форумның басты міндеті – ерлер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қорғау бойынша мамандар мен мамандықтардың пәнаралық симбиозына, сонымен бірге медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыруға жол ашу. Бұл шараға Австрия, Литва, Польша мен Ресейден келген мамандар қатысады.
Форум бағдарламасына мына тақырыптар кіреді: ер адамдарға көмекші репродуктивтік технологияларды қолдану, ерлердің бедеулігіне зертханалық диагностика жүргізудің генетикалық аспектілері мен жаңашылдығы, урологияда дәрі-дәрмектік терапияға қол жеткізу, қуықасты безі аденомасын емдеу инновациясы, заманауи шағын инвазиялық урология, пластикалық урология мәселелері мен тағы басқалар.
Форумның ашылуы:
09.00