
Елімізде жол-көлік оқиғалары азаймай тұр. Соңғы 6 айдың өзінде дәл осындай апаттардан 850 адам көз жұмған. Ал дене жарақатын алғандар саны 9 мыңнан асады.
Осыған байланысты ішкі істер министрлігі кешенді шараларды қолға алды. Әсіресе көшелердегі бақылау камераларын көбейтіп, жүргізушілерге қатысты талапты күшейтті. Соның арқасында ағымдағы жылдың өзінде 2 миллионнан аса жол ережесін бұзу жағдайлары тіркелген.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің өкілі:
— Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім бар. ІІМ тарапынан жол апаттарынан азайту мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. 4 мыңнан аса құқық бұзушылықты анықтайтын жүйе орнатылды. Бұған қоса, жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп тұрады.