jasqazaq.kz

Елімізде жаңа комитет құрылады

15 қантар 2019, 17:56

Қазақстанда Тауар және қызмет көрсету қауіпсіздігі мен сапасын бақылайтын комитет пайда болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Денсаулық министрлігінде тауар және қызмет көрсету қауіпсіздігі мен сапасын бақылайтын комитет пайда болады. Олар бақылау жүйесін атқарады: адам денсаулығына әсер ететін тауар мен қызмет көрсету қауіпсіздігі мен сапасы; медициналық қызмет көрсету сапасы; дәрі-дәрмек айналымы және медициналық өнімдер саласы, оның ішінде дәріханаларда жекелей сату бағасын реттеу тәртібін бақылау; халықтың санитарлық эпидемиологиялық жағдайн жақсарту саласы», — деді министр үкімет отырысында.

Оның айтуынша, комитет жұмысын ұйымдастыру және өңірлік жасақтардың жұмысын реттеу шаралары 2019 жылдың сәуіріне дейін аяқталады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында комитеттің құрылу керектігі туралы айтқан. Біртанов Мемлекет басшысының органның құрылысы жөнінде ұсынылған жобаны қолдағанын айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде