jasqazaq.kz

Елімізде зейнетақыдан бас тартқан адамдар бар

31 шiлде 2018, 17:03

ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова зейнетақыдан бас тарту оқиғасы туралы айтып берді.

«Мен министрлікке келгелі бері бір рет қана ондай жағдайға тап болдым. Қазақ еліне белгілі азамат, тұлға деуге болады, зейнетақыдан бас тартты. Ол кісі 20 жыл бойы зейнетақыға өтініш бермей жүрді. «Мемлекетіме рақмет, бәріне шүкір-тәуба, осы уақытқа дейін жиып-тергенім өзіме жетеді» дейді. Ол елші болып жұмыс істеген», — деді С.Жақыпова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында. Оның айтуынша, ол адам біраз уақыт өтініш жазбай жүрсе де, артынан зейнетақы алуға келіскен. «Біз онымен сөйлестік, бәрін түсіндірдік. Негізі, заң бойынша зейнет жасына келген адам құзіретті органға барып, өтініш беруі керек. Ол кісі өтініш берген жоқ. Біз онымен жұмыс жүргіздік. Айтып түсіндіргеннен кейін өтінішін алдық. Былтырдан бастап төлемдерді бере бастадық», — деді С.Жақыпова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында. Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында Светлана Қабыкенқызы зейнетақы төлемдерін аудару тәртібін түсіндірді. «Қазір әлеуметтік желілерде қарасам, «көлік пен пәтер сатудан зейнетақы жарнасын ұстайды» деп жазып жатыр. Олай емес. Ондай табыстан зейнетақы жарналары ұсталмайды. Сіздер жұмыс жасау, я болмаса, қызмет көрсету арқылы табыс тапсаңыз ғана зейнетақы жарнасы ұсталады. Қазір жұмыс берушілер ондай келісімшарттарды жасайды да, зейнетақы жарналарын төлемей жүреді» , — деді С.Жақыпова.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді