
Мәжіліс депутаттары Қазақстанда ерлер мен әйелдердің зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынды.
«COVID-19 екінші толқыны, коронавирус мутациясы қаупінің өсуі, вирустардың басқа да қауіпті штаммдардың пайда болуы жағдайында егде жастағы кісілерді қорғауымыз керек. Әсіресе созылмалы аурулары бар зейнеткерлерге оқшаулану үшін барлық жағдайды жасау керек», — деді Айқын Қоңыров премьер-министрге жолдаған сауалында.
«Депутаттық сауалды қарап, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған шаралар бойынша жазбаша түрде жауап беруді сұраймыз», — деді Қоңыров.