jasqazaq.kz

Елімізде ұялы байланыс қымбаттап кетті

18 мамыр 2018, 11:36

Қазақстанда ұялы байланыс бір жылда 4,3 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы Ranking.kz сарапшыларының зерттеуінде айтылады.

Сарапшылардың мәліметінше, төрт айда ұялы байланыс операторлары 73,1 миллиард теңгеге қызмет көрсеткен.

«Ұялы байланысқа қызмет көрсету көлемінің өсуі абоненттер санының өсуімен байланысты. Биыл көктемде үш ірі ұялы байланыс операторының екеуі — Tele-2 мен Beeline өздерінің қызметтерінің тарифтерін 10 пайызға дейін көтерді. Операторлар абоненттеріне қызмет бағасы қымбаттайтыны жайлы және мобильдік интернет-пакеттердің абоненттік төлемі өсетінін хабарлаған», — дейді сарапшылар.

Сондай-ақ, 2018 жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша, ұялы байланыс абоненттерінің саны 26, 5 миллионға жеткені айтылады. Сарапшылардың айтуынша, былтыр бұл көрсеткіш 25,4 миллион болған. Олардың жартысынан көбі (50,5 пайызы) Интернетке қосылған.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді