jasqazaq.kz

Елімізде үсік, тұман, жауын-шашын болады

23 қыркүйек 2020, 11:44

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің 11 өңірінде күн бұзылады.

Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жариялады.  23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында жел екпіні — секундына 15-20 метр. Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел күшейеді. Жел қарқыны — секундына 15-20 метр, тіпті 28 метрге дейін жетеді. Бүгін Ақтөбе облысында желдің күші — секундына 15-20 метр, екпіні — секундына 23 метрге дейін болады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел қарқыны — секундына 15-20, кей жерлерде 25 метр. 23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы — секундына 15-20 метр, кей жерлерде тұман түседі. 23 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні секундына 15-20 метр, тіпті 25 метрге дейін жетеді. Түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Бүгін Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Желдің күші — секундына 15-20 метр, екпіні — секундына 25 метрге дейін. 23 қыркүйекте Қызылорда облысында күшті жел соғады. Қарқыны — секундына 15-20 метр. Өрт қаупі өте жоғары. Бүгін сондай-ақ Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі. 23 қыркүйекте Павлодар облысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Жел жылдамдығы — секундына 15-20 метр, екпіні — секундына 28 метрге дейін күшейеді. Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, күн күркіреп, дауыл соғады. Бұршақ жауады, тұман түседі. Жел қарқыны — секундына 15-20 метр, кей жерлерде — секундына 28 метр болады. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтау маңызды.

 ҚазАқпарат

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия