jasqazaq.kz

Елімізде ұрығын сататын ер адамдар көбейген

15 тамыз 2018, 17:47


Белсіздік пен бедеулік — ХХІ ғасырдың басты проблемасы. Дегенмен, бала көтерудің түрлі жасанды жолдарын тауып, кез келген адамға ата-ана болу бақытын сыйлауға атсалысып жатыр.

 NUR.KZ     жазғандай, табиғаттың берген сыйын бизнес көзіне айналдырған еркектер саны да елімізде артып келеді.  Желіде «Баласы жоқ отбасыларға немесе жалғызбасты әйелдерге сәбилі болуға көмектесуге дайынмын», — деген жарнамалардан көз сүрінеді. Жарнама берушілердің көпшілігі бірнеше баласы бар отбасылы еркектер мен ақша табудың жаңа көзін тапқан жігіттер.
Бала сүйіп, ата-ана атану кейбіреулер үшін арман болса, енді біреулер үшін оңай пайда көзі болып отыр.
Жігіттердің басым көпшілігі жасанды немесе табиғи жолмен жүкті болуға көмектесуге дайын. Әрине, бұл үшін олар қомақты қаражат сұраудан қымсынбайды.
Мәселен, Ғани есімді жігіт: «Жасым 25-те, бойым 175, салмағым 64 келі, метиспін, анам – өзбек, әкем – қазақ, екі балам бар. Спермаға донор болуға дайынмын. Алдын ала төлем 25 мың теңге», — деп жазған.
Жоспарлы түрде қыз немесе ұл бала болғанын қалайтындар үшін де ұсыныстар аз емес.
Желіде «үш ұлдың әкесімін, тағы да ұл болатынына кепілдік беремін», — дегендерді де табасыз.
Айта кетейік, жарнама беруші жігіттердің көпшілігі бірнеше рет донор болғандарын да жасырмайды. Тіпті, кейбіреулері өзгеге өз ұрығын сыйлау арқылы күн көріп жүргенін де жазған.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді