jasqazaq.kz

Елімізде вакцина алмаған студенттер жатақханаға орналаса алмайды

11 тамыз 2021, 16:09

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой колледждер мен университеттерде дәстүрлі оқыту форматы бойынша студенттерге қандай талаптар қойылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Министрдің айтуынша, жоғары оқу орындары мен колледждерді оқытудың дәстүрлі форматына көшіргенде оқытушылар, қызметкерлер, жатақхана мен асхана жұмысшыларын 100 процент вакциналаумен қамту қажет.

“18 жасқа толған студенттердің бәрі вакцина алуға тиіс. Жатақханаға тек вакцина алған студенттер ғана орналасады”, – деді министр.

Алексей Цой баяндамасы кезінде барлық санитарлық талаптарды қалай орындау керегін айтып берді.

«Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында оқу корпустары, кітапханалар мен жатақханалардың кірберісінде міндетті түрде «Ashyq» қосымшасы болады. Бұдан бөлек, эпидемияға қарсы санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Ол үшін медицина қызметкерлері оқытушылар мен білім алушылардың денсаулығын қадағалап отырады. Бұқаралық шараларға тыйым салынады. Сондай-ақ дәріс залдарында рециркуляторлар тұруы керек немесе бөлме іші үнемі желдетілуге тиіс», – деп атап көрсетті Цой.

Министрдің айтуынша, мониторингтік топ колледждер мен университеттерде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайды. Сол үшін топ мүшелерінің құзіреті кеңейтіледі.

Олар оқу орындарына, соның ішінде асханалар мен жатақханаларға емін-еркін кіріп, карантиндік шараларды бақылайды. Ал тәртіп бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия