jasqazaq.kz

Елімізде тіркелмеген жұмыссыздар саны қанша?

09 қазан 2017, 11:45

Өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтылған 1,4 миллион адам белгілі болды. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еңбек шарттары көлемінің артқанына қарамастан, бейресми шарттар да сақталуда және бұл жайт айтарлықтай алаңдатып отыр. Соңғы екі жылда еңбек инспекторлары жұмысшылардың қызметін еңбек шартынсыз пайдаланған бір мыңнан астам жұмыс берушіні анықтады. Осы орайда бұл жағдай көбінесе біліктілігі төмен жұмысшыларға қатысты болуда, яғни құрылыста, саудада, қоғамдық тамақтану орындарында, ауыл шаруашылығында және шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандарға байланысты. Ағымдағы жылы үй-үйді аралау жолымен бейресми жұмысқа баға берілді. Осы шарамен 5,6 миллион адам қамтылды. Нәтижесінде, 2,2 миллион адамның мәртебесі өзектендірілді. Зейнетақылық жарнаны бөлмей жүрген, дегенмен де жұмыспен қамтылған бір миллионға тарта адам анықталды. Мұнымен қоса, тіркелмеген жұмыссыз 320 мың адам және тиімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 1,4 миллион белгілі болды»,-деді Дүйсенова. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесе аталған мәселелер тұрғысында кешенді жоспарды әзірлеуде. Осының аясында жұмыс істеп жүрген тұғындарды рәсімдеу бойынша жүйелік шараларды қабылдау, ақпараттық жүйелерде мәліметтерді өзекті ету мәселесі ескеріліп отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде