jasqazaq.kz

Елімізде тағы бір ЖОО жабылғалы жатыр

21 шiлде 2021, 13:17

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиядан айырылу алдында тұр. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің қайта тексеру жұмыстары осындай нәтиже көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұрын жоғары оқу орнында профилактикалық бақылау жүргізілді. Нәтижесінде, тексеру парағының 46 тармағынан 39 тармағы бойынша бұзушылықтар анықталды. Университетке сәйкессіздіктерді жою үшін уақыт берілді, алайда қайта тексеру жұмыстары жоғары оқу орны білім беру қызметінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмысты жүргізбегенін көрсетті.

Біз елімізде білім беру сапасы мен кадрлар даярлауды жақсарту үшін жоғары оқу орындарында тексерулер жүргіземіз. Егер университеттер қажетті талаптарға сай болмаса, онда ертең білімі мен біліктілігі төмен, еңбек нарығына жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес келмейтін мамандар шығады. Бұл ретте жоғары оқу орындарына бұзушылықтарды жоюға уақыт береміз, алайда олар кемшіліктермен жұмыс жүргізбейді. Осыған байланысты кейінірек қатаң шаралар қолдануға тура келеді. Университеттердің оқу жағдайларын, білім беру бағдарламаларын және тұтастай алғанда, студенттерді белгілі бір мамандықтарға оқытуға деген көзқарасын жақсартуы үшін бұл өте маңызды. Әйтпесе, жоғары оқу орындары сапалы білім емес, тек дипломдар беретін болады. Мысалы, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі қалыптаспаған. Білім беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарларын талдау белгілі бір пәндер бойынша кредиттерді игеруде үлкен айырмашылықтарды көрсетті. Тиісінше, білім алушылар пәндерді толық көлемде меңгермейді. Оқыту нәтижелері бойынша студенттердің 90%-ы шекті деңгейден өте алмады. Оқу процесінде тіпті ең төменгі белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ескірген компьютерлер қолданылады. Бейіндік магистратура түлегіне ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесін беру бойынша бұзушылықтар да анықталды. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен бір жылдық магистратура түлегіне екі жылдық магистр дәрежесі берілді. Бұлар жоғары оқу орнында анықталған бұзушылықтардың аз ғана бөлігі, – деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Эльвира Сапарбекова.
Анықталған бұзушылықтарға байланысты Комитет Шет тілдер және іскерлік карьера университеті лицензиясының қолданылуын тоқтатты.

Бұдан әрі бас лицензиядан айыру және жоғары оқу орнын жабу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Заңнамаға сәйкес лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда студенттер университеттің анықталған бұзушылықтарды жоюын күтпей-ақ, басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады. Талапкерлерді оқуға түсу үшін жоғары оқу орындарын таңдауда жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия