jasqazaq.kz

Елімізде сүт безінің қатерлі ісігі жасарып барады

16 қазан 2019, 13:10

Денсаулық сақтау министрлігінің бас онколог-дәрігері, Қазақ ұлттық онкология және радиология институтының директоры Диляра Қайдарова Қазақстанда сүт безінің қатерлі ісігімен ауыратындар қатары жасарып бара жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз халыққа обыр ауруларын анықтайтын тексерістерге, скринингтерге келіңіздер деп, алдын алу жұмыстарын барынша насихаттаймыз. Өміріңіздің бір күнін тексеріске арнаңыз. Сүт безінің қатерлі ісігі қазір елімізде жасарып барады. Бұл дертке 32 жасында, тіпті 28 жасында шалдыққандар кездесті. Сол себепті, тегін тексерістен өту жасын 50-ден 40 жасқа дейін төмендеттік. Яғни, осы жастағы әйелдер кез келген клиникаға келіп, тегін маммографиядан өте алады. Маммографтар барлық жерде бар», — деді Диляра Қайдарова Онкологиядағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммитінде тілшілерге берген сұхбатында. Бас онколог-дәрігердің айтуынша, сүт безінің қатерлі ісігі бүкіл әлем елдерінде жасарып барады. Адамның уайым-қайғыда болуы, дұрыс тамақтанбауы, ДНК-ның өзгеруіне алып келетін дәрі-дәрмекті қабылдауы мен жайсыз экологияның кеселінен әйелдер бұл ауруға шалдығуы әбден мүмкін.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда