jasqazaq.kz

Елімізде судьяларға қойылатын талаптар қатаңдайды

14 ақпан 2019, 15:26

Облыстық сот судьясы болып енді 15 жыл еңбек өтілі бар заңгерлер де тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай норма қарастырылған Конституциялық заң жобасы бүгін Сенат отырысында қаралды. Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың айтуынша, бүгінде сотта қаралатын істердің 85 пайызы азаматтық дауларға қатысты. Оның ішіндегі шағымдардың дені мемлекеттік органдардың шешімдеріне байланысты. Бұл салық, экология, зияткерлік меншік, кеден секілді мәселелерді қамтиды. Сондықтан мұндай сұрақтарды шешу үшін сот жүйесі салалық мамандарға мұқтаж. Осы ретте тәжірибелі заңгерлерді жұмысқа тарту үшін тиісті жағдайлар жасалмақ. Сонымен бірге жаңа заң жобасына сот төрағасы қызметіне үміткерлерді бұдан былай 2 реттен артық тағайындауға тыйым салатын өзгерістер де енгізілмек. Жақып Асанов, ҚР жоғарғы сотының төрағасы: – Соттардың басшылары, төрағалар, алқа төрағалары қызметі екі реттен аспау керек деген талап қойып отырмыз. Бүгінде олар 5 жылға тағайындалады. Бірақ оларға шектеу жоқ. Сондықтан олар екі мәрте бес жылдан тағайындалса, сол жеткілікті деп есептеп отырмыз.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда