jasqazaq.kz

Елімізде спортшыларға өмір бойына төленетін ақы артып, 300 мың теңгеден асты

02 қараша 2022, 14:15

Қазақстанда жүлдегер спортшылар мен олардың бапкерлеріне өмір бойына ай сайын төленетін төлемақы төрт есе өсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазақстандық спортшыларға және Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаты жеңімпаздарының жаттықтырушыларына өмір бойына ай сайынғы қолдау мөлшері ұлғайтылды. Бұл төлем бастапқыда 24 АЕК, яғни 76 380 теңге болып, ұзақ жылдар бойы өзгеріссіз қалған болатын. Дегенмен биыл Мәдениет және спорт министрлігінің Үкіметке ұсынысы қолдау тауып, ай сайынғы жәрдемақы мөлшері 100 АЕК – 318 мың теңгеге дейін өсті», — деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.

Өзгерістер тек спортшыларға ғана емес, олардың жаттықтырушыларына да қатысты. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпиондарын тәрбиелеген жаттықтырушылар да өмір бойына алатын ай сайынғы материалдық қолдауға өтініш бере алады.

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура