jasqazaq.kz

Елімізде шамамен 800 адам коронавируспен екінші мәрте ауырып қалған

16 маусым 2021, 17:17

Елімізде бүгінге дейін шамамен 800 адам коронавируспен екінші мәрте ауырып қалған. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, вирусты қайта жұқтырғандар вакцина алмаған.

Жалпы тек Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де короновируспен қайта сырқаттанғандар бар. Еуропада да мыңдаған адамнан анықталған.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

— Әр адам өзін және жанындағы адамдарды қорғау үшін вакцина алғаны дұрыс. Әсіресе 60 жастан асқан және созылмалы аурулары бар азаматтар екпе алғаны жөн. Еліміздің әрбір өңірінде, тіпті сауда орталықтарында екпе пункттері ашылды. Еліміздің барлық азаматы тегін вакцинаның тиесілі дозасын емін-еркін салдыра алады.

Сонымен қатар министр күзге қарай Жамбыл облысында QazVac вакцинасын шығаратын зауыттың іске қосылатынын айтты. Қазір зауытты іске қосу және жөндеу жұмыстары аяқталған. Құрал-жабдықтардын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

24.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия