jasqazaq.kz

Елімізде Сенат депутаттары сайланады

12 тамыз 2020, 12:07

Бүгін елімізде ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау өтеді. Осылайша республиканың 17 өңірінен Сенатқа бір-бір депутаттан сайланады.

Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, сайлау бюллетендеріне 46 кандидат енгізілді. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысынан — 4 кандидаттан, ал 10 өңірден 3 кандидаттан: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары. Қалған өңірлерден — 2 кандидаттан тіркелді.

ҚазАқпарат хабарлағандай, Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3 069 мәслихат депутаты енгізілген. Олардың басым бөлігі Алматы облысынан — 317 және Шығыс Қазақстан облысынан – 301, ал едәуір аз бөлігі Нұр-Сұлтан қаласынан — 21, Шымкент қаласынан — 26 және Алматы қаласынан — 32.

Орталық сайлау комиссиясы және аумақтық сайлау учаскелері тарапынан толыққанды жұмыс жүргізілді. Коронавирус індетіне байланысты сенаторларды сайлаушы мәслихат депутаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалды.

Бұл жолғы Сенат депутаттарын сайлауға шетелдік байқаушылар көп қатыспайды. Бұған әлемді жайлаған коронавирус індеті себеп болып отырғаны белгілі. Дегенмен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінен 5 байқаушы аккредиттелген.

Мұнан бөлек, ҚР СІМ жанында аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 143 өкілі сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлауды халықаралық байқаушылармен тең дәрежеде байқай алады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия