jasqazaq.kz

Елімізде полиэтилен пакеттер енді тегін берілмейтін болады

24 желтоқсан 2017, 12:33

Келесі жылы ҚР Энергетика министрлігі полиэтилен пакеттерді дүкендерде тегін беруге тыйым салу мақсатында заңға өзгерістер енгізбек. Астана билігі қала тұрғындарын қазірден бастап полиэтилен пакеттен бас тартуға шақырып отыр.

Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығы хабарлады.

Астана қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, елордалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы “Полиэтиленді пакеттен бас тарт!” экологиялық науқанын өткізіп жатыр. Науқан барысында ұйымдастырушылар полиэтилен пакеттердің зиянды әсері туралы халық арасында насихаттау жұмыстарын өткізіп, үндеу парақтарын тарату мақсатында еріктілерді тартып және сауда желілерінің кассаларында экопакеттерді таратты.

Мамандардың айтуынша, орта есеппен полиэтилен пакеттер 20 минут пайдалынылады, бұл ретте олардың ыдырау уақыты 100 жылдан 500 жылға дейінгі мерзімді қамтиды. Қазіргі күнге 40-қа жуық елде (Еуропалық одақ елдері, Аустралия, Сингапур, Бангладеш және басқа да) полиэтилен пакеттердің айналымын төмендеткен немесе қолдануға тыйым салған.

«Бұл мәселені эко-пакеттерді (қағаз пакеттер, биоыдырағыш пакеттер, матадан жасалған бірнеше реттік сөмкелер) қолдану арқылы шешуге болады… Бұған қоса 2018 жылы ҚР Энергетика министрлігі полиэтилен пакеттерді тегін беруге тыйым салу бойынша еліміздің қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізеді», — делінген науқанның ұйымдастырушылары таратқан хабарламада.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде