jasqazaq.kz

Елімізде пневмонияның жаңа түрі пайда болғаны рас па?

10 шiлде 2020, 9:55

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі қытайлық БАҚ-тың Қазақстанда өлімге әкелетін пневмонияның жаңа түрі таралып жатқаны жайлы ақпаратын жоққа шығарды.

«Кейбір Қытай бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирустан едәуір қауіпті белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді», — деп хабарлады ведомство.

Қазақстан өзге елдер сияқты пневмонияның мұндай түрін қадағалап отырады, бұл дер кезінде басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі.

9 шілдедегі брифингте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі пневмониялардың жалпы саны туралы айтты: олардың арасында бактерия, зең, вирус тудыратындар – соның ішінде АКХТ-10 тізіліміне сәйкес «анықталмаған этиологияның вирустық пневмониясы» бар.

sputnik

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия